Тоитов - Конлан жекпе-жегі: Astana Arlans боксшысы олимпиадалық жүлдегермен жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 наурызда ASTANA ARLANS қазақстандық командасы мен TEAM GERMANY алғашқы ширекфиналдық жекпе-жекке шығады, деп хабарлады kazboxing.kz В контакте әлеуметтік желісінде. Командалар құрамы қазірдің өзінде белгілі.
Алғашқы ширекфиналдағы ең күтіліп отырған жекпе-жек біздің арландарымыздың бірі Мейірболат Тоитов пен неміс командасындағы ирландтық легионер, Лондон олимпиадасының жүлдегері Майкл Конланмен өтеді, ол өзінің салмақ санатында Ирландия олимпиадалық құрамасының көшбасшысы. Конлан WSB нұсқасында екі ұрыс өткізді.
Қалған жұптар:
49 кг Овидиу Берчану - Мардан БЕРІКБАЕВ
64 кг Артем Харутюнян - Асхат УӘЛИХАНОВ
75 кг Денис Радован - Сергей ДЕРЕВЯНЧЕНКО
91 кг Артур Манн - Василий ЛЕВИТ
Бұл жекпе-жектер Ханау қаласында (Германия) сағат 23:00-те (Астана уақытымен) өтеді.