Тоқаев АҚШ-тың Сирияға қарсы авиасоққысына қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде Сирияның әскери базасына жасаған АҚШ-тың авиасоққысынан кейінгі халықаралық жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Тоқаев АҚШ-тың Сирияға қарсы авиасоққысына қатысты пікір білдірді

«АҚШ-тың Сирияға қарсы авиасоққысы аталмыш елдегі соғысты тоқтату туралы келіссөздер өткізудің болашағын бұлыңғыр етеді. Халықаралық шиеленістің жаңа толқыны», - деп атап өтті Тоқаев.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың қарулы күштері Сирияның Хомс провинциясының аумағында орналасқан үкіметтік әскердің әскери базасына 59 ракета жіберді.

Зымыранды шабуыл Сирияның Идлиб провинциясына жасалмақшы болған химиялық шабуылдың жауабы болып табылады, деп хабарлайды ТАСС.