Тоқаев ЕАЭО және Оманмен келісімдерге қатысты заңдарға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым Жомарт Тоқаев екі заңды бекітті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

а
Фото: Ақорда

Президент бірнеше халықаралық құжатты ратификациялады. Атап айтқанда:

  • «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Айта кетейік, заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдағанын жаздық.