Тоқаев әскери қызметшілерді қолдау және олардың отбасыларына көмек көрсету туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдау және олардың отбасыларына лайықты материалдық көмек көрсету бойынша Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоқаев әскери қызметшілерді қолдау және олардың отбасыларына көмек көрсету туралы айтты

«Президент Қарулы Күштерге, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан және басқа да күштік құрылымдарға әскери дайындығын күшейту және жабдықтау шараларын қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдау және ө ңірлердің әкімдеріне қаза болған полиция қызметкерлері мен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің отбасыларына лайықты материалдық көмек көрсетуді тапсырды» делінген Ақордада жарияланған мәліметте.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар шұғыл тапсырма берді.