Тоқаев Азия даму банкінің еліміздегі жобаларды қаржыландыру мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығы атап өтілетініне тоқталып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін банк басшылығына алғыс айтты.

Өз кезегінде Масатсугу Асакава Президентке қаржы институтының 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясы жөнінде мәлімет берді.


Соңғы жаңалықтар