Тоқаев: Бас прокуратура кәсіпкерлерді қудалау фактілерін шұғыл жойып отыруы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратура кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз шығару фактілерін шұғыл жойып отыруы тиіс.
None
None

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық проблемалар аясында кәсіпкерлікке қолдау көрсету ерекше өзектілікке ие болып отыр. 5 жылдың ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру туралы қылмыстық іс бойынша 11 тұлға, рейдерлік туралы іс бойынша 7 тұлға сотталды. Осы саннан-ақ бизнесті қорғаудың құқық қорғау тетіктері кібіртектеп тұрғанын көруге болады. Дегенмен, өткен жылы мен Жолдауымда заңды бизнеске кедергі келтіру ауыр мемлекеттік қылмыс екендігін айттым. Міне, осыны барлық құқық қорғау органдары, оның ішінде бас прокуратура да қаперде ұстауы тиіс. Үкіметке бас прокуратурамен бірге бір мерзімде қозғалған барлық мәселелер бойынша нақты ұсыныстарды бекітуге енгізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дегенмен, Мемлекет басшысы нақты позитив тенденцияның да бар екендігін атап өтті.

«Біз енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу институты алғашқы жемісін бере бастады. Осы жылдың біріні жартыжылдығында ғана 510 бизнес-жоба бойынша заңсыз араласудың 114 фактісі анықталды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Бас прокуратура кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз шығару фактілерін шұғыл жойып отыруы тиіс. Кәсіпкерлер, инвесторлар жемқорлық қысымнан қуатты қорғанысты сезіне білуі керек», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар
telegram