Тоқаев: Бейбітшілік - басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқы жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Қазақстан Президенті Twitter парақшасында осылай деп жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоқаев: Бейбітшілік - басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқы жоқ

«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», - деп мәлім етті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік орган қызметкерлерінің салғырттығынан арандатушылар қантөгіс жасады.

«Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!», - деп жазады Мемлекет басшысы.