Тоқаев Бейжіңде қытай тілін жетік білетінін паш етті

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін қытай тілінде бастап, қытай тілінде аяқтады, ал негізгі дәрісін қазақ тілінде өткізді. ҚР Парламенті Сенаты төрағасының ҚХР-дың Беларусьтегі бұрынғы елшісі Юй Чжэньци, Қытай халықаралық мәселелер институтының ШЫҰ Зерттеу орталығының жетекшісі Чэнь Юйжун, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты директорының орынбасары Сунь Ли қойған сұрақтарға қытай тілінде көркем жауап беруі де шара қатысушыларының таңданысын туғызды.
Кездесуде америкалық «Жаңа Жібек жолы» бастамасының даму келешегі, ШЫҰ қызметімен Еуразиялық экономикалық одақтың Жібек жолы экономикалық белдеуімен түйісу мәселелері талқыланды.
Еске сала кетсек, қазақстандық делегация құрамында сенаторлар Ахан Бижанов, Серік Жақсыбеков, Қайрат Ищанов, Ерболат Мұқаев, Төлеубек Мұқашев және Владимир Редкокашин бар. Сонымен қатар, қазақстандық сенаторлар сапарының бағдарламасында Қытай коммунистік партиясының жееткшілігімен келіссөздер жүргізу, Халық өкілдерінің жалпықытай жиналысы мен ірі сауда-экономикалық және қаржылық орталық - Шэньчжэнь қаласына бару жоспарланған.