Тоқаев БҚО әкіміне облыс пен Орал қаласын дамыту жөнінде тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев БҚО әкіміне облыс пен Орал қаласын дамыту жөнінде тапсырма берді

Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты. Кездесу барысында шалғай аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді.

Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.