Тоқаев достық пен бейбітшілікке үлес қосқан дін өкілдерін марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат- Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVI отырысы барысында хатшылық басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар дін басшыларын «Шапағат» медалімен марапаттады. Сондай-ақ кейбір дін өкілдеріне Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Тоқаев достық пен бейбітшілікке үлес қосқан дін өкілдерін марапаттады

Аталған марапаттар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсат-міндеттерін іске асырып, халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр.

null

Атап айтқанда, «Шапағат» пен 25 жылдық мерейтойлық медальмен Бэдфорд епископы Ричард Аткинсон мен «Сомаия Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениеті орталығының директоры Калай Дхананджей Ачария марапатталса, Әл-Азхар Жоғарғы имамының сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі Әбділрахман Мұса, Сауд Арабиясы Корольдігі Ислам, вакуфтер және үндеу істері жөніндегі министрінің кеңесшісі Абдулла ибн Фахд Әл- Лхидан, Иран Ислам Республикасының мәдениет және исламдық байланыстар жөніндегі ұйым президентінің орынбасары Гахраман Солеймани, Исламабад халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммад Зия Уль-Хак, «Нұр-Мүбәрак» Мысыр Ислам университетінің ректоры Гоуда Басиуни, метрополит Эммануил Адамакис, Армян Апостол шіркеуінің украиндық епархиясының жетекшісі Маргос Оганесян, Қасиетті Престолдың дінаралық диалог жөніндегі Папа кеңесінің Исламмен байланыс бөлімінің меңгерушісі Халед Акаше, РФ Дінаралық кеңесінің атқарушы хатшысы Дмитрий Сафонов, Израильдің Бакашкеназийлік раввинінің өкілі Элияху Хавлин, Қытай буддистері қауымдастығы төрағасының орынбасары Ху Сюэфэн, Дүниежүзілік буддизм университетінің ректоры Анил Ман Сакья, Моңғолияның Буддизм орталығының Гандан Тэгчэнлин монастырінің далай ламасы Хунхур Бямбажав, Орталық Азиядағы «Чогечон» кәріс буддистік ұйымының өкілі Янг Ки Хун, «Джинджя Хонче» халықаралық байланыстар дерпартаментінің директоры Катсуджи Ивахаши, Дүниежүзілік бейбітшілік елшісі кеңесінің Бас хатшысы Пичаи Товивич, БҰҰ Өркениеттер альянсының директоры Мэтью Ходс пен ҚР Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровке Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медалі табысталды.

null

Айта кетейік, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVI отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезіне дайындық шаралары пысықтап, съездің нақты уақытын белгілеу көзделіп отыр. Сондай-ақ, бүгінгі отырыста дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін «Астана» халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Құрмет медаліне ұсынылған үміткерлер мәселесі талқыланатын болады.

null null null null null