Тоқаев Ерлан Қариннің жаңа қызметіндегі міндеттерін айқындады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. 

Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды. 

Айта кетелік Құрылтай Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдаған еді