Тоқаев Ерлан Қошановқа алғыс айтып, AMANAT-тың «Әділетке» қосылуын тарихи шешім деп бағалады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді.

— Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Еелордада «Әділет» партиясының II Съезі өтті.