Тоқаев Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президенті Сауд Али Әл-Тәниді марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

— Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға үлес қосқаны үшін Халықаралық баскетбол федерациясының президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске сала кетейік, әңгімелесу барысында Президент FIBA-ның отандық баскетболға көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, Сауд Али Әл-Тәниге Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толып отырғанын, осы орайда, балалар мен жастардың ықыласы ауған баскетбол танымал спорт түрлерінің қатарына енгенін атап өтті.