Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжанның Жеңіс күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақора мәлім етті.

Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжанның Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

— Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақында Бакуде Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды.