Тоқаев Конституциялық Соттың бірқатар судьясын тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Конституциялық Соттың бірқатар судьясы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Конституциялық Соттың бірқатар судьясын тағайындады

Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;

Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Роман Анатольевич Подопригора Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.