Тоқаев қытайлық ірі ЖОО филиалының Қазақстанда ашылуына мүдделілік білдірді

СИАНЬ. ҚазАқпарат – Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен келссөз барысында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев қытайлық ірі ЖОО филиалының Қазақстанда ашылуына мүдделілік білдірді

«Елдеріміздің білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығы артып келеді. ҚХР-да техникалық білім сапасы жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді», - деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қытай басшылары бүгін келіссөз жүргізді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.