Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тоқаев Лихтенштейнмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын айтты

АСТАНА.KAZINFORM — Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Тоқаев Лихтенштейнмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын айтты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Үндістан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Конго Африка құрлығындағы Қазақстанның маңызды серіктесі санайтынын айтты.