Тоқаев мұғалімдерді әкімдердің негізсіз шараларынан қорғауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Педагогтарға қысым болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты мысал - 2018 жылы »сертификаттаудың« өткізілуі. Нәтижесінде педагогтардың 35 пайызы шекті деңгейден өте алмай қалды. Мұғалімдердің дайындық деңгейін бағалаудың оң идеясы салғырттықпен әрі біржақты жүзеге асырылды. Мұндай бейіндегі квазиреформалар мұғалім мамандығы мәртебесінің төмендеуіне алып келеді. Педагогтардың еңбек жағдайлары да бақылаушы құрылымдарға арналған есептердің үнемі ұлғаюынан айтарлықтай нашарлай түседі», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті педагогтар мен оқушыларға жаңартылған білім мазмұны аясындағы білімді бағалау жүйесі де психологиялық жүктеме болып отырғандығын баса айтты.

«Теріс нәтиже болған жағдайда педагог оқу орнының басшылығы тарапынан қысымға ұшырап жатады. Себебі төмен баға мектеп рейтингіне теріс әсерін тигізеді. Бағалау жүйесінің қажет екендігі сөзсіз. Бірақ, бұл жерде салмақты әрі объективті қарау керек. Бұған қоса, педагогтарға қысымды болдырмау қажет. Жергілікті әкімдіктердің өздерінің өкілеттіктерін жиі асыра пайдаланып, білім беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түрлі шараларға, әкімшілік мақсаттарға мұғалімдерді жұмылдыру тәжірибесі де тиылмай отыр. Үкіметке аталған проблемаларды шешу бойынша шұғыл, тіпті түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар