Тоқаев: Орталықазиялық экономикалық кооперация ұлттық экономикалардың негізгі өсім көзіне айнала алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталықазиялық экономикалық кооперация ұлттық экономикалардың негізгі өсім көзіне айнала алады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқаев: Орталықазиялық экономикалық кооперация ұлттық экономикалардың негізгі өсім көзіне айнала алады

«Көп жағдайда санкциялық соғыстардың арандатуынан және арта түскен протекционизмнен төнген жаһандық құлдырау қатері өңірлік экономикалық ынтымақтастықты қарқынды дамыту мәселесін бірінші орынға шығарады. Өндірістік және жаппай жеткізілімнің сауда тізбектерінің үзілуі жағдайында аймақтану тенденциясы барынша айқын көріне бастады», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, осындай жайттың аясында Орталық Азия елдері арасындағы сауда көрсеткіші қолда бар әлеуетті толық көрсете алмайды.

«Орталықазиялық экономикалық кооперация басты болмаса да, қалай болғанда да біздің ұлттық экономикаларымыздың негізгі өсім көзіне айналуы әбден мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Фото: t.me/bort_01