Тоқаев пен Ердоған стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Түркия арасында мәңгілік достық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тоқаев пен Ердоған стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды
Фото: Ақорда

– Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды, - делінген хабарламада. 

Ақорда
Фото: Ақорда
Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетелік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Газиантептің Нурдагы қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды

Сондай-ақ бұдан бұрын Түрік компаниялары Қазақстанда 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашатынын жазған едік.