Тоқаев Петр Павелді Чехия Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Чехия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чехия Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстан Чехиямен өзара құрмет пен сенімге негізделген әріптестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал чех халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Қазақстан мен Чехия ортақ автокөлік өндірісін қалай дамытып жатқаны туралы жазған едік.