Тоқаев Путинге ризашылығын білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресей Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы пандемияға байланысты форумды кейінге шегеруге мәжбүр болдық. Пандемия салдары қазір де байқалады. Біз форумды бейнеконференция режимінде өткізіп жатырмыз. Дегенмен, әңгімелесудің бұл түрінің де өз басымдығы бар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге эпиемдияның алғаш басталған кезеңінде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

«Ресей қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек заттарын жеткізіп, тест-жүйесін ұсынды. Қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға жан-жақты көмек көрсетті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен иық тірестіре жүріп, ең күрделі өңілерде жұмыс істеді, өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарды. Тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Осынау кезеңде ынтымақтастығымыздың жеке маңызды кезеңі біздердің жүзбе-жүз уағдаластығымызды жүзеге асыру үшін Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында Спутник V ресейлік вакцинасы өндірісінің іске қосылуы болды. Мұның барлығы да Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, одақтасы екендігін дәлелдеді», - деді Қазақстан Президенті.


Соңғы жаңалықтар