Тоқаев Республика күні туралы: Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Республика күні туралы: Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн

«Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат», - деді ҚР Президенті Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім кезінде.