21:17, 03 Сәуір 2017 | GMT +6
Тоқаев Санкт-Петербург метросында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург метрополитеніндегі жарылыстың салдарынан құрбан болғандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Санкт-Петербург метросындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шегушілердің отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Зорлық-зомбылықтың ең жиіркенішті әрекеті!», - деп жазды ол твиттерде.
Еске сала кетейік, бүгін Санкт-Петербург метросында жарылыс болып, куәгерлердің ақпараты бойынша, 10 адам көз жұмды. Ресейдегі ҚР Елшілігі хабарлағандай, Санкт-Петербургтағы метрода болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шегушілердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты тексерілуде, жедел желі ашық.