Тоқаев Сауд Арабиясы Королін Ұлттық күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.

— Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

Бұған дейін Президент Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктегенін жаздық.