Тоқаев Сауд Арабиясы Елшісіне алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшісі Горм Саид Малханды қабылдады және оның Қазақстандағы жемісті дипломатиялық миссиясы үшін алғыс айтты.

Тоқаев Сауд Арабиясы Елшісіне алғыс айтты

Бұл кезеңде екіжақты қатынастарды нығайту жөніндегі маңызды шаралар, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы қазан айындағы Сауд Арабиясына табысты сапары мен Сауд Арабиясы Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла Аль аш-Шейхтың Астанаға сапары жүзеге асырылған болатын.