Тоқаев штабының өкілдері қазақстандық паралимпиадашылармен кездесті
Шараға «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, сондай-ақ президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Аян Айтжанов, Ермек Келемсейіт және Аманғазы Шегіров қатысты.
Спортшылар алдында сөз алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев үміткердің өмірбаяны мен еңбек жолына тоқталды. Ол сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, оны жан-жақты талдап берді.
Жиында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ләззат Сәлімжанова, пауэрлифтингтен Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері, ел біріншілігінің алтын медаль иегері Арлан Атайбековтер сөз алып, мемлекет тарапынан паралимпиадашыларға қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
Өзге де бірқатар спортшылар Тұңғыш Президенттің сарабдал саясатының арқасында ел экономикасы қарқынды дамығанын, әлеуметтік салаға ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті.