Тоқаев штабының өкілдері өңір-өңірлерде жастармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабтары мен сенімді өкілдері өңір-өңірлерде жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайлауалды штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев штабының өкілдері өңір-өңірлерде жастармен кездесті

Ең алдымен Жамбыл облыстық қоғамдық штабтың мүшелері Жандар Кәрібайұлы мен Масат Берік аймақтағы жастармен кездесті. Жиынға «Nur Otan» партияcы Жамбыл аудандық филиалы «Jas Otan» жастар қанатының белсенді мүшелері, жоғары және арнаулы кәсіптік оқу орындарында оқитын жастар мен жұмысшы жастар, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Сондай-ақ, Алматы облыстық қоғамдық штабының мүшелері Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жастармен кездесті. Мұнда жалпыұлттық #Birge акциясы аясында жастардың ұсыныстары тыңдалды. Штаб жетекшісі Ғалиасқар Сарыбаев кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасын жастарға түсіндірді.

Мұндай басқосу Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы аудандық мәдениет үйінде де өтті. Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штабының өкілдері биыл Президент сайлауында өз таңдауын алғаш рет жасайын деп отырған жас сайлаушылармен кездесті. Штаб мүшелері мен «Jas Otan» ЖҚ белсенділері үміткер Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырды.

Ал Петропавлда, қалалық қоғамдық штабтың мүшесі Арман Бердағұлов «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен теміржол колледжінің студенттерімен кездесті. Жастар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен танысып, штаб мүшелеріне көкейдегі сұрақтарын қойды.