Тоқаев тек қана отандық өніммен жабдықталған Harmony Steam School мектебіне барды

Мемлекет басшысы YDA Industrial Park біріккен өндіріс кешенінің жұмысымен танысты. Көпсалалы өндіріс кешенінің құрамына медицина және кеңсе жиһаздарын, медициналық жабдықтар, модульді құрылыстар мен металл конструкцияларын, терезелер мен витраждар шығаратын бес кәсіпорын кіреді, деп хабарлайды Kazinform.

мектеп
Фото: Ақорда

Аталған бес кәсіпорын өзара тығыз байланысты, сол арқылы ортақ жобаны жүзеге асыруға бірлесе атсалысады.

отандық өнім
Фото: Ақорда

Бұл — кешеннің өзіндік ерекшелігі Ал өндірілетін өнімдер импортты алмастырады.

Тауар құны да, сапасы да шетелдік баламаларынан кем түспейді.

зауыт
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның өндіріс цехтары мен өнім түрлері қойылған шоурумды аралап көрді.

Жоба инвесторы, түркиялық YDA Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хуссейн Арсланның айтуынша, біріккен өндіріс алаңы жеке инвестиция (30%) мен қарыз қаражаты (70%) есебінен 2021-2022 жылдары іске қосылған.

зауыт
Фото: Ақорда

Жалпы құны 22 млрд теңге болатын жоба аясында 300 адам жұмыспен қамтылған.

отандық өнім
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына YDA Group өнімдерімен толық жабдықталған және компанияның қаржысына салынған «Harmony Steam School» мектебі таныстырылды

Балалар мұнда нақты ғылымдарға басымдық бере отырып, STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Math) технологиясы бойынша оқиды. Мектепті бітірген түлектер инженерлік мамандық алып шығады.

мектеп
Фото: Ақорда

— STEAM — физика, математика сияқты техникалық пәндерге баса мән берілетін ерекше бағдарлама. Сапалы білімге қатысты барлық бастамаға оң көзбен қараймын. Біз сіздерді қолдаймыз, –деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамыту және ірі жобаларды іске асыру кезінде жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін арттыру маңызды екенін атап өтті.

тоқаев
Фото: Ақорда