Тоқаев Трамп пен Обаманың үкімет мүшелерінің бизнес-тәжірибелерін салыстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп пен Барак Обаманың үкімет мүшелерінің бизнес-тәжірибелерін салыстырды.
«Трамптың номинациялаған үкімет мүшелері бизнеске барлығы 83 жылын арнаған, ал, Обама үкіметінің мүшелері небәрі 5 жылды арнады»,-деп жазды Тоқаев өзінің Twitterдегі парақшасында.
Айта кетейік, АҚШ-тың сайланған 45-ші президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімі Вашингтонда жұма, 20 қаңтар күні өтеді.