Тоқаев Үкіметке медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп. Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен, мұнда қордаланған мәселелер шешімін таппай отырғанын баса айтты.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауы керек», - деді Қазақстан Президенті.


Соңғы жаңалықтар