Тоқаев: Жалған ақпарат тарату – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқаев: Жалған ақпарат тарату – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет

«Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз. Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті мұны бүкіл әлем мойындап отырғандығына баса назар аудартады.

«Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет», - деді Мемлекет басшысы.