Тоқаев жемқорлық туралы: Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірдегі жемқорлықпен күрес туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Тоқаев жемқорлық туралы: Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді

«Облыста жемқорлыққа қарсы күрес саясатын күшейту керек. Жемқорлықты жою барлық деңгейдегі әкімдер жұмысының негізгі көрсеткіші болады. Әкімдерге жеке жауапкершілік жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы.

Президент ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы жемқорлықпен күрестің нақты нәтижелеріне тікелей байланысты екенін атады.

«Бұл қоғамдық кесел ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Алайда бұл мақсатқа жету үшін тек жазалау шаралары жеткіліксіз. Мұны әлемдік тәжірибе дәлелдеді. Сондықтан қоғамдық бақылауды күшейту қажет. Азаматтар қоғамдық өмірге белсене араласуы керек», - деген Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.