Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
Фото: видеодан алынған скрин

Сапар барысында Мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді.

Бұдан бөлек, Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.

Айта кетелік Бектенов Балқаштағы жол сапасына қатысты ескерту жасаған еді.