Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері Шымкент кәсіпорындарында кездесулер өткізді

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Қасым -Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың мүшелері мен сенімді өкілдері «Шымкент цемент» және «Шымкент темір» кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық штабқа сілтеме жасай отырып.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қоғамдық штаб мүшелері Мұратәлі Қалмұратов, Қуандық Сұлтанғали және Марат Сейітов қатысты. Олар кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылардың саяси науқан туралы ойларын тыңдады.

Бұған дейін Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездескенін хабарлаған едік.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар