Тоқаевтың дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуінің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінің толық видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаевтың дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуінің толық видеосы жарияланды

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездескен еді.

Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси стратегиясының сабақтастығы сақталатынын жеткізді.

«Ерекше атап өткім келетіні, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси стратегиясының сабақтастығы сақталады және одан әрі дами түседі. Елбасы - мемлекетіміздің негізін қалаушы, заманымыздың көрнекті саясаткері. Ол жаһандық антиядролық қозғалысқа, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы пікір білдірді. Сонджай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттары орталығын ашуды ұсынды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.