Тоқал мәселесі тағы көтерілді...

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоқал мәселесі тағы көтерілді... - бұл жолы Кениядан.
None
None

Жуырда Африканың шығысындағы Кения мемлекетінде ел парламенті тоқал алуға рұқсат ететін неке заңына түзетулер енгізді. Бұл өз кезегінде әйел депутаттардың ашу-ызасын тудырып, наразылығына тап болды, деп хабарлады www.muslim.kz . сайты.

Тоқалу алу үшін бәйбішенің келісім алуды қарастыратын аталмыш заңның алғашқы нұсқасының бөріктілер басым парламентте өтпей қалғаны ақ жаулықты халық қалаулыларының шамына тиді.

Жунет Мұхаммед есімді ел елеулісі Найроби радиосына берген сұхбатында бүй деді: «Африкалық әйел тұрмысқа шығатын болса, ол екінші, үшінші күндесінің болатынын түсінуі керек... Өйткені, Бұл Африка!».

Заңға түзету енгізілгеннен кейін әйел депутаттардың бірі қалмай мәжіліс залынан кетіп қалды. Жай кеткен жоқ, аталмыш заңның қабылданғанына қарсылықтарын білдіріп, заң мәтінінен түзетуді алып тастау үшін барлық мүмкіндікті қарастыратынын айтып, доқ көрсетіп кетті.

Ақ жаулықтылардың намысын найзалаған заң қолданысқа енген жоқ. Ол ел президентінің заңды мақұлдауына немесе мақұлдамауына байланысты.

Соңғы жаңалықтар