Тоқаш алмақ болған 5 жасар бала үйінен 40 шақырымға ұзап кеткен
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Германияда бес жасар бала жалғыз өзі Ниддадан пойызбен Гисенге, яғни үйінен 40 шақырымға жерге тартып отырған.
Бала таңғы асқа тоқаш нан сатып алғысы келгенін айтқан, деп хабарлады Euromag.
Белгілі болғандай, ата-анасы баланың қалай үйден шығып кеткенін байқамаған. Тек Гисен вокзалында жалғыз жүрген баланы көрген әйел оны полицияға тапсырып, ал олар оның ата-анасына хабарлағанда ғана білген.
Әкесі ұлын үйіне автокөлікпен алып кетті.