ТОКИО-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан намысын қорғаған Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады, деп жазады Olympic.kz.

ТОКИО-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Рябец әлем чемпионатының қола жүлдегері, канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасқан болатын.

Кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті канадалық спортшыға берді.

Айта кетелік, әйелдер боксынан Токио Олимпиадасына тек қана Надежда Рябец жолдама алған болатын.


ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақсан ҰОК