Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жартылай финалға шыға алмады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио бозкілеміне шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді.

Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Нажи Алиевпен кездесті.

Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзербайжан өкілі жартылай финалға шықты.

Айта кетерлігі, Нажи Алиев финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.


Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар