Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиода жүзуден іріктеу сындары аяқталды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға өткен жоқ деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК сілтеме жасап.

Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өте алмады

Бесінші топта жарысқан Дмитрий 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орын алды. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-ші сатыға тұрақтады.

100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже тіркеді. Екінші орында англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында германиялық Лукас Матцерат.