Токио-2020: Дзюдодан қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Токио-2020: Дзюдодан қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

Әйелдер

48 келі

Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы - қытайлық Ли Ю.

Ерлер

60 келі

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 келі

Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров.

73 келі

Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.

81 келі

Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесудегы қарсыласы - моңғолиялық Саид Моллаи.

90 келі

Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.