ТОКИО-2020: Дзюдошы Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарын сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстар жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде татамиге ел сапынан Ислам Бозбаев шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

ТОКИО-2020: Дзюдошы Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарын сәтті бастады

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев бразилиялық Рафаель Македомен кездесті. Отандасымыз қарсыласын небәрі 31 секундта «иппон» ұпайымен жеңіп, келесі айналымға шықты.

Екінші айналымда оның қарсыласы әзербайжандық Мамадали Мехдиев болмақ.

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК