Токио-2020: Эльмира Сыздықованың жеңіске жетуіне не кедергі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрова Токио Олимпиадасында спортшы Эльмира Сыздықованың жеңілісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Олимпиада ойындарында жоғары мақсаттар қойылуы керек. Мұнда ешкім жеңілу үшін келмейді. Бәрінің медаль алғысы келеді, біз де сол үшін келген едік. Қолымыздан келгенше тырыстық, режимді сақтадық, карантиннен өттік. Мұның бәрі жеңіске жетуге кепілдік бермейді. Олимпиада чемпиондары мен медальдарының саны шектеулі. Біз өзімізге байланысты барлық нәрсені жасауға тырысамыз. Одан кейін не болатынын бір Жаратқан біледі. Үміттену керек және сену керек», - деді Гюзель Манюрова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, спикер Эльмира Сыздықованың бірнеше ай бұрын Алматыда өткен Азия чемпионатында қырғыз спортшысын жеңгенін еске салды.

«Сонда бәріміз қуанған едік. Бәлкім сол жеңіс әсерін тигізген шығар. Эльмира қырғыз спортшысын жете бағаламаған шығар. Кейде Олимпиада алдындағы жеңіліс жеңістен гөрі көбірек пайда әкеледі. Ол тактикалық тұрғыда өте жақсы дайындалды. Эльмира іс жүзінде оған ештеңе жасай алмады. Тамақтану, режим және салмақ - бәрі орнында еді. Эльмира – күн тәртібін сақтайтын жинақы спортшы. Ол жауапкершілікті, сайыстың қандай маңызды екенін түсінеді. Ол жарысқа мақсатты түрде дайындалды, қолынан келгеннің бәрін жасады, бірақ жеңіске жетпеді. Одан кейін де қырғыз чемпионы Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы чемпионды да оңай жеңді. Эльмира да, ресейлік спортшы Наталья Воробьева да 68 келіден 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысты. Менің ойымша, салмақтағы физиканың жетіспеушілігі де әсер етті. Физикалық тұрғыдан жетіспеушілік байқалды», - деді Гюзель Манюрова.

Айта кетейік, Эльмира Сыздықова Токиодағы алғашқы айналымда қырғызстандық Айпері Медетқызынан 8:1 есебімен жеңілді. Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.


Соңғы жаңалықтар