Токио-2020: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан дзюдошы Елдос Сметов ширек финалда кореялық қарсыласын сүріндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио-2020: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

Ширек финалда Елдос Сметов Оңтүстік Кореяның үміті Ким Вон Джинмен белдескен болатын. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын «иппон» әдісімен ұтып кетті.

Енді ол жартылай финалда татами иесі – жапониялық Наохиса Такатомен айқасады. Жапон спортшысы Наохиса Такато әуелі Еуропа чемипонатының жүлдегері бельгиялық Йорре Ферстрэтенді ұтса, ширек финалда грузиялық Лухуми Чхвимианиден басым екенін дәлелдеген болатын. Сондай-ақ, Наохиса Такато Рио Олимпиадасында қола медаль еншілеген еді. 2017 жылғы әлем чемпионы деген атағы да бар.

Сондай-ақ, боксшы Серік Теміржанов та өзінің алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.