Токио-2020 Олимпиадасында алғаш рет адамның бет-жүзін тану жүйесі қолданылады
ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, мұндай технологиялар Олимпиада және Паралимпиада ойындарында бірінші рет қолданылмақ. Бұл Токионың тарихта инновациялық ойындарды өткізген алғашқы ел болуға тырысқанын байқатады.
Токио-2020 басты серіктесі саналатын NEC корпорациясы бет-әлпетті тану жүйесін ұсынады. Аккредитациядан өткен әрбір адамның фотолары алдын ала жиналып, базада сақталады. Олар аккредитация нүктелерінде жеке тұлғаны тану үшін қажет болмақ.
Мұндай жүйе Ойындардың қауіпсіздігін одан әрі арттыра түспек. Өзгенің аккредитациясын қолданып, спорт нысандарына кіруге мүлде болмайды. Тексеру автоматты түрде жүргізіледі.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты мақсат - белгісіз адамдар мен белгісіз заттарды оқиға орнына жібермеу. Мұндай технология аккредитациядан өткен адамдарды нақтырақ идентификациялауға көмектесеі. Сондай-ақ, әртүрлі локацияларға мүмкіндік береді. Бұл қатысушылардың қауіпсіздігіне көмектеседі деп ойлаймын», - дейді Қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор Цуёси Ивасита.