Токио-2020: Руслан Құрбанов семсерлесуден 1/16 айналымға өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Құрбанов алғашқы айналымда жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz.

Токио-2020: Руслан Құрбанов семсерлесуден 1/16 айналымға өтті

Құрбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15-7 есебімен ұтты.

Русланның келесі айналымдағы қарсыласы Масаду Ямада (Жапония) - Роман Петров (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы болмақ.