Токио-2020: Теннисші Александр Бублик ресейлік қарсыласына жол берді

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан тағы бір теннисші Александр Бублик аса тартысты кездесуде ресейлік спортшыдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио-2020: Теннисші Александр Бублик ресейлік қарсыласына жол берді

Ресейлік Даниил Медведев пен қазақстандық теннисші арасындағы ойын 1 сағат 38 минутқа созылды. Бірінші сет 6:4 есебімен ресейліктің пайдасына шешілсе, екінші сетте таразы басы 64 минут бойы теңселіп тұрды. Ақыры ресейлік спортшы жалпы есепте 6:4 және 7:6 есебімен басымдық танытты.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина аустралиялық теннисшіден айласын асырып, жарыстың келесі кезеңіне өткен болатын.

Бірінші айналымда оның қарсыласы аустралиялық Саманта Стосур болды. 1 сағат 10 минутқа созылған сайыста қарсыласынан 6:4 және 6:2 есебімен басым түскен қазақстандық тениисші жарыстың келесі раундына шықты.