Токио 23 елсіз аралды мемлекет меншігіне қосты
АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Жапония үкіметі эксклюзивті экономикалық аймақ шекараларын анықтау үшін мемлекет меншігіне 23 елсіз аралды қосты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
«Бұл оның тұрақтылығын және сақталуын қамтамасыз етуге үлес қосуы тиіс», - деп мәлімдеді Токиода өткен баспасөз мәслихатында министрлер кабинетінің бас хатшысы Осаму Фудзимура.
Сонымен бірге жапондық мемлекет меншігіне Шығыс-Қытай теңізіндегі Сенкаку /Дяоюйдао/ елсіз аралы да қосылып кеткен, ал оған Бейжің ие болып жүрген болатын.
Бұдан бұрын Жапония үкіметі өзінің эксклюзивтік экономикалық аймағының теңіз шекараларын бекіту үшін 39 елсіз аралға атау беруге шешім қабылдаған еді. Олар бақылаудың жапондық аймағында орналасқан, навигациялық карталарға да енгізілген, әзірге оларға басқа елдер таласып отырған жоқ. Бұл аралдардың көпшілігі Шығыс-Қытай теңізіне орналасқан.
Дегенмен Бейжің Сенкаку аралы аумағындағы ғана емес, Токиодан оңтүстік-батысқа қарай 1,7 мың шақырым жердегі Окинотори аралын да жапондық эксклюзивті экономикалық аймақ шекарасына қоспайды. Қытай оны жай ғана жота деп есептейді және экономикалық аймақты межелеуге пайдалануға болмайды деп санайды.