Токио әуежайында жүк ұшағы апатқа ұшырады

ТОКИО. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат – Жапонияда әлемдегі жетекші пошта тасымалдаушыларының бірі - FedEx Corp., компаниясының жүк ұшағы апатқа ұшырады,

Токио әуежайында жүк ұшағы апатқа ұшырады
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Токиодағы халықаралық әуежайдың өкілдерінің хабарлауынша, оқиға ұшақ қонар кезде орын алған. Екі ұшқыш та опат болған. Өрт сөндірушілер өртке оранған ұшақтың ішінен екі ұшқышты алып шығып, дереу ауруханаға жеткізгеніне қарамастан, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады. Капитан ? 54 жаста, екінші ұшқыш - 49 жаста болған. Қытайдың Гуанчжоу қаласынан тұрақты сапар жасайтын ұшақ Токиодағы Нарита халықаралық әуежайына қонар кезде, сарапшылардың айтуынша, желдің екпініне қарсы тұра алмаса керек. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрді құраған. Нәтижесінде ұшақ жерге қатты қонып, өртке оранған.